Иран-Ресей ядролық ынтымақтастықты дамыту бойынша консультация өткізді
https://itolqyn.com/news/world-i55570-Иран_Ресей_ядролық_ынтымақтастықты_дамыту_бойынша_консультация_өткізді
Иран Атом қуаты ұйымның басшысы Мұхаммад Ислами мен Ресейдің мемлекеттік «Росатом» компаниясының басшысы Алексей Лихачев бейбіт ядролық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қыр 29, 2021 14:56 Asia/Almaty

Иран Атом қуаты ұйымның басшысы Мұхаммад Ислами мен Ресейдің мемлекеттік «Росатом» компаниясының басшысы Алексей Лихачев бейбіт ядролық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

Кездесуде екі жақ Иран мен Ресейдің стратегиялық қарым-қатынасқа ие және әртүрлі мәселелерде ынтымақтастық  етуіне назар аудартып, бейбіт атом қуаты мәселесінде де екі ел арасындағы ынтымақтастықты жылдам қарқынмен жалғастыруға талпынатындарын қуаттады. Ислами Теһран мен Мәскеудің әртүрлі екіжақты және халықаралық салаларда терең және стратегиялық қарым-қатынасқа ие екеніне тоқталып: «Екі елдің бейбіт ядролық қызмет саласындағы ынтымақтастығы, оның ішінде атом электр стансаларының құрылысы мен дамуы жақсы дамып келеді және бұл ынтымақтастықты одан әрі кеңейту керек»,- деді.