Амир Абдуллахиан: Иран шекараларына жақын жерде сионистік режимнің болуына ешқашан жол бермейміз
Иран Сыртқы істер министрі сенбі күні кешке Иранның аймақ шекараларында өзгерістің болуын қаламайтынын айтып: «ИИР өз шекараларына жақын жерде сионистік режимнің болуына ешқашан көнбейді»,-деді.
Хұсейн Амир Абдуллахиан 1-ші арнаның «Көзқарас» бағдарламасында Иран мен Әзірбайжан республикасы арасында пайда болған кейбір мәселелер туралы сионистер мен лаңкестердің екі ел қарым-қатынасын бұзуға күш салып жатқанына тоқталып: «ИИР көршілес елдерге, әсіресе Әзірбайжан республикасына байсалды, кесімді, бірақ достық көзқараспен қарап, мәселелерді жіті бақылап отыр»,-деді.
Иран Сыртқы істер министрі өз елінің Әзірбайжанның ірі көршісі екенін айтып: «Теһран сионистер мен лаңкестердің Әзірбайжанға қатер төндіру ықтималына алаңдайды»,-деді.