Армения Әзірбайжанмен сұхбаттасуға дайын
https://itolqyn.com/news/world-i55658
Армения Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы осы ел Премьер-министрінің Әзірбайжан республикасының Президентімен кездесуге дайын екенін хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 03, 2021 15:59 Asia/Almaty
  • Армения  Әзірбайжанмен сұхбаттасуға дайын

Армения Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы осы ел Премьер-министрінің Әзірбайжан республикасының Президентімен кездесуге дайын екенін хабарлады.

Армения Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Армен Григорян: «Екі елдің арасындағы қайшылықтарды диалог арқылы шешуге мүмкіндік бар. Оң жолдауларды ескеріп, мәселелерді талқылап, өзара түсіністікке келуге болады»,-деді.

Армения Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Баку үкіметінің Армения жері арқылы Әзірбайжан республикасы мен Нахичевань арасын жалғайтын дәліз ашу туралы өтінішіне тоқталып: «Егер осындай дәліз ашылса, ол Арменияның бақылауында болады»,-деді.

Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев жуырда: «Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Минск тобы аясында Армения Премьер-министрі Никол Пашинянмен кездесуге дайынбыз»,-деп мәлімдеді.

Мәскеуде Әзірбайжан мен Армения арасында атысты тоқтату бітіміне қол қойылғанына қарамастан, екі көрші арасында тұрақты тыныштық пен бейбітшілік әлі орнай қоймады.