Әлемнің ақпарат құралдары Ильхам Әлиев жанұясының ақша жымқырғанын әшкереледі
Жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы (OCCRP) Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевтің жанұясы мен оның айналасының 2006 жылдан бастап ақша жымқырғаны туралы ауқымды есептерді жариялады.
The Gardian газетінің хабарлауынша, бұл есепте қазіргі 35 басшы мен әртүрлі елдердің 300 танымал саяси тұлғасының байлығы көрсетілген. Ол әшкере болған бірнеше қаржы компаниясының құжаттарына негізделген. Бұл зерттеу «Пандора құжаттары» (Pandora Papers) деп аталады.
Осы есепте әшкереленген тұлғалардың бірі – Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев мен оның жанұясы. Олар ұлттық байлықты талан-таражға салды деп айыпталып отыр.
Пандора құжаттары көрсеткендей, Әлиев пен оның жақындары жасырын түрде Ұлыбританияда 400 млн-нан аса фунт стерлингке жылжымайтын мүлік алған.