Иран мен Ресей ынтымақтастықты дамытуды қуаттады
https://itolqyn.com/news/world-i55726
Иран мен Ресей Сыртқы істер министрлері кездесіп, ынтымақтастықты дамытуды қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 06, 2021 16:34 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресей ынтымақтастықты дамытуды қуаттады

Иран мен Ресей Сыртқы істер министрлері кездесіп, ынтымақтастықты дамытуды қуаттады.

 

IRNA-ның хабарлауынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан  мен Сергей Лавров сәрсенбі күні Мәскеуде кездесіп, екіжақты әртүрлі екіжақты және аймақтық салаларда ынтымақтастықты дамыту қажеттігіне тоқталды. Лавров: «Келіссөздердің жаңа контексті - Иранның Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) қосылуы, бірақ келіссөздердің негізгі басымдығы – «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы». «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы  қосымша мәселелерсіз орындалуы керек»,- деді. Иран Сыртқы істер министрі де кездесуде: «Екі ел президенттерінің қарым-қатынасы мен бұл сапар екі ел арасындағы келіссөздер мен қарым -қатынастардың стратегиялық екенін растайды. Бұл кездесу халықаралық оқиғалар, соның ішінде Оңтүстік Кавказ, Йемен және Ауғанстан туралы пікір алмасуға ​​жақсы мүмкіндік»,- деді.