Ереван: Арменияда ешқандай тәуелсіз дәліз ашылмайды
https://itolqyn.com/news/world-i55756
Армения Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы: «Ереван Арменияда басқа ел үшін дәліз ашу тақырыбын қазір де, кейін де мүлде талқыламайды»,-деп қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 07, 2021 20:24 Asia/Almaty
  • Ереван: Арменияда ешқандай тәуелсіз дәліз ашылмайды

Армения Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы: «Ереван Арменияда басқа ел үшін дәліз ашу тақырыбын қазір де, кейін де мүлде талқыламайды»,-деп қуаттады.

Армения Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Армен Григорян тілшілер алдында «Арменияда басқа елдің ықтиярында болатын дәліз ашыла ма?» деген сұраққа жауабында: «Арменияда тәуелсіз дәліз ашылмайды. Яғни елдің бүкіл аумағы Армения үкіметі тарапынан басқарылады»,-деді.