Иран мен Әзірбайжанның Байланыс және ақпараттық технология министрлері Стамбұлда кездесті
Иран мен Әзірбайжан байланыс және ақпараттық технология саласында әріптестікті дамыту жолдарын талқылады.
Иранның Байланыс және ақпараттық технология министрі Иса Зарепур мен Әзірбайжанның Тасымал және коммуникация министрі Рашад Набидің кездесуі Стамбұлда аймақтағы даму үстіндегі 8 елдің байланыс және ақпарат кеңесінің он екінші отырысы аясында өтті.
Зарепур осы кездесуден кейін: «Байланыс саласында аймақтық басқару мен өзара әріптестікті дамыту арқылы трансаймақтық елдердің цифрлық платформасынан көршілес елдердің көбінде туындайтын қиындарды шешуге талпынамыз»,-деді.
Иранның Байланыс және ақпараттық технология министрі түркиялық әріптесімен кездесіп, сұхбаттасуды Түркияға сапарының бір бөлігі деп жариялап, цифрлік байланысты дамыту үшін Түркиямен көршілес болу әлеуетін тиімді пайдалану қажеттігін баса айтты.