Ресей мен Қытай АҚШ -тың биологиялық зертханалары туралы ескерту жасады
Ресей мен Қытай бірлескен мәлімдеме жасап, АҚШ-тың өз жерінен тыс, басқа елдердегі биологиялық әрекеттерінің бұл елдердің ұлттық және олардың аумақтары қауіпсіздігіне елеулі қатер төндіретінін мәлімдеді.
Бірлескен мәлімдеме БҰҰ Бас Ассамблеясының қаруды таратпау мәселелері бойынша комитетінің бірінші отырысында жарияланды. Мәлімдемеде АҚШ-тың 200-ден астам биологиялық зертханаларының шетелде түсініксіз және ашық емес түрде жұмыс істейтіні туралы айтылды және бұл құжат халықаралық қоғамдастықта «бұл әрекеттер биологиялық қару туралы конвенцияға сәйкес келе ме әлде келмейме?» деген сұрақты туғызды. Ресей мен Қытай АҚШ-тың әлемнің әртүрлі елдеріндегі, әсіресе екі елдің маңындағы биологиялық зертханалардың шынайы қауіп-қатері туралы ескертулері Вашингтонның Жер бетіндегі адамның өміріне немқұрайды қарайтынын және жаппай қырып-жоятын қаруды дамытуға бағытталған талпыныстарын көрсетеді. АҚШ 1972 жылы ратификацияланған және 1975 жылдан бастап күшіне енген биологиялық қару туралы конвенцияның қатысушысы болғанымен, іс жүзінде адамгершілікке жатпайтын қарудың әртүрін жасауда көшбасшы болып табылады. Соңғы бірнеше онжылдықта АҚШ Еуропадан Африка мен Оңтүстік-Шығыс Азияға дейін әлемнің әртүрлі аймақтарында биологиялық зертханалардың кең желісін құрды. Осыған байланысты АҚШ ел ішінде ондаған ірі биологиялық зертханалармен қатар, соңғы жылдары биологиялық қару зертханаларын шетелде дамытуға ерекше назар аударды. Кейбір есептер әлем бойынша АҚШ зертханалары санының 200-ден асқаны көрсетілген. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін АҚШ Украинада, Грузияда, Өзбекстанда, Әзірбайжан мен Қазақстанда биологиялық зертханалар құрды. Пентагонның Ресей-Қытай шекарасына жақын жерде мұндай зертханалар құруы, аймақтың биологиялық қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі және биологиялық қатерлер туғызумен қатар, халықаралық келісімдерді, атап айтқанда, биологиялық қаруды өндіруге және қолдануға тыйым салған 1972 жылғы конвенцияны анық бұзу болып табылады.