Қарабақта 6 армян сарбаз жараланды
Қаз 15, 2021 15:33 Asia/Almaty
Әзірбайжан республикасының күштері Қарабақ аймағының шығыс бөлігінде Армения күштерінің позицияларына қарай оқ жаудырып, соның салдарынан 6 армян сарбазы жараланды.
Армения Қорғаныс министрлігі: «2 армян сарбазының жағдайы ауыр»,-деді.
Армения Қорғаныс министрлігі өткен түнде болған оқиғаға тоқталып: «Әзірбайжан мен Армения арасындағы жағдай әзірге тыныш»,-деді.
Армения Қорғаныс министрлігі атысты тоқтату бітіміне берік екенін айтып, Әзірбайжан республикасынан аймақты тұрақсыздандыратын әрекеттердің алды алуды сұрады.
Тегтер