Әлиевтің Иран мен Арменияға қарсы жаңа бос сөздері
Әзірбайжан Президенті Иранға қарсы айыптауларының жалғасында бұл жолы Иранды Еуропаға есірткі тасымалдауда Арменияға көмек көрсетті деп айыптады.
Fars News агенттігінің хабарлауынша, Эльхам Әлиев Иранға қарсы жаңа уәждерінде: «Армения Иранмен келісе отырып, соңғы Таулы Қарабақ соғысында азат етілген Әзірбайжанның басып алынған аумақтарын 30 жыл бойы Еуропаға есірткіні заңсыз тасымалдауға пайдаланды»,- деді.
Соңғы күндері Әзербайжан Президенті Баку мен Теһранның дәстүрлі түрде шынайы қарым-қатынаста болғанына қарамастан, жақсы көршілестікке қарсы ұстаным білдіріп, Теһранды негізсіз айыптады. Ол бұған дейін ИИР басшыларының Иран шекарасында шетелдік элементтердің болуы туралы мәлімдемелерін жалған сылтау деп атаған.