Бірлескен теңіз жаттығуы – Теһран-Исламабад ынтымақтастығының жаңа тарауы
(last modified Sun, 17 Oct 2021 20:42:01 GMT )
Қаз 18, 2021 02:42 Asia/Almaty
  • Бірлескен теңіз жаттығуы – Теһран-Исламабад ынтымақтастығының жаңа тарауы

Иран Қарулы күштері бас штабының басшысы генерал-майор Мұхаммед Бағеридің Пәкістанға сапары екі елдің қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы қарым-қатынасын дамыту туралы жаңа келісімдерге қол қоюмен аяқталды.

Сардар Бағери Пәкістаның жоғары лауазымды саяси-әскери тұлғаларымен кездескеніне толталып, осы төрт күндік сапарда қол жеткізілген келісімдер мен консультацияларды қорытындылап: «Бұл сапарда лаңкестікпен күресу үшін барлау саласында әріптестікті арттыру туралы келісіммен қоса, екі елдің суларында бірлескен әскери жаттығу өткізу туралы келісімге қол қойдық»,-деді.

Иран Қарулы күштері бас штабының басшысы Пәкістан кемелерінің екі жылдан бері Иран, Ресей және Қытайдың бірлескен жаттығуларына қатысып жүргенін айтты.  

Иран Қарулы күштері бас штабының басшысы осы сапардың маңыздылығы туралы: «Ислам революциясы жетекшісінің пікіріне сәйкес, ислам елдері арасында ұзақ шекараға ие болуына байланысты Пәкістан ИИР үшін айрықша орынға ие»,-деді.

Аймақтың қазіргі қысылтаяң жағдайында ИИР мен Пәкістанның әскери қарым-қатынасын нығайту – стратегиялық маңыздылыққа ие тақырып.  
Осы қажеттілікті өтеу үшін соңғы жылдарда Иран армиясы Теңіз күштерінің Пәкістанға және олардың Иранға сапарлары артты. Мұның өзі осы екі күштің аймақтағы тұрақтылықты сақтауға және екі елдің қарым-қатынасын дамытуға ниеттес екенін білдіреді.

Теңіз қатынасын дамыту мақсатындағы әріптестік басқа елдермен, соның ішінде Үндістан, Қытай және Ресеймен нығайтылған. Мұндай сапарлар екжақты әрекеттестікті арттырып, теңіз саудасы мен кеме қатынасының қауіпсіздігін арттыруға оң ықпал етеді.  

Иранның Пәкістандағы елшісі сейіт Мұхаммед Хұсейни: «Пәкістан Гвадар айлағын Иранның Бандар-Аббас айлағына қосу туралы жоба ұсынды. Оман, БАӘ және Иракпен де осыған ұқсас жоба орындалатын болады. Пәкістанның Кеме қатынасы министрлігінің мәлімдеуінше, Карачи мен Гвадар айлақтарынан Иранның айлақтарына халықаралық кеме қатынасы ашылады»,-деді.

Енді Иран Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше болғаннан кейін Иранның Пәкістан және осы ұйымның басқа мүшелерімен  түрлі салаларда қарым-қатынасы кеңейе түседі.  

Құрамында Ресей және Қытай деген екі алпауыт бар Шанхай ынтымақтастық ұйымының географиялық аумағы Иранның тұрақты мүше болуымен кеңейе түсті. Енді бір жағынан  территориялық байланыс орнайды, екінші жағынан Парсы шығанағы ұйымның барлық мүшелеріне қолжетімді болады.

Иранның аймақтағы теңіз қауіпсіздігіне қатысты саясаты ұжымдық қауіпсіздік доктринасына негізделген. Бұл стратегия екі тұрғыдан маңызды:

Біріншіден, ортақ қоқан-лоққылармен күресу үшін аймақ елдері арасында әріптестікті нығайтуға әсер етеді.  

Екіншіден, бөгде елдерге аймақ ісіне әскери араласуға сылтау бермейді және көпжақтылықты нығайтады.

Осы екі жайт ұжымдық мүдделер туралы ортақ түсінік негізінде қауіпсіз аймақ құруға септігін тигізе алады.  Иран мен Пәкістанның теңіз саласындағы әріптестігі және бірлескен әскери жаттығулар өткізу туралы келісімі осы тұрғыдан маңызды.

Тегтер