Генерал-майор Бағери Ресей Қарулы күштері бас штабының басшысымен кездесті
(last modified Mon, 18 Oct 2021 15:34:24 GMT )
Қаз 18, 2021 21:34 Asia/Almaty
  • Генерал-майор Бағери Ресей Қарулы күштері бас штабының басшысымен кездесті

Иран мен Ресей Қарулы күштері бас штабтарының басшылары кездесіп, əскери-қауіпсіздік саласында екіжақты қарым-қатынасты кеңейту туралы сөйлесті.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Қарулы күштері бас штабының басшысы генерал-майор Бағери дүйсенбі күні Ресей Қарулы күштері бас штабының басшысы Валерий Герасимовпен кездесті. 

Екіжақты əскери қатынасты дамыту, аймақтық жəне халықаралық мəселелер бойынша əріптестікті дамыту, екі елдің  лаңкестікпен күрес саласында, Ауғанстан мен Сирияға қатысты əрекеттесуін жалғастыру Иран мен Ресей Қарулы күштері бас штабтарының басшылары келіссөздерінің күн тәртібінде болды.

Генерал-майор Бағери Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгумен кездеседі деп жоспарлануда.