Əзірбайжан республикасында "SOCAR" компаниясы есірткі заттарын заңсыз жолмен тасымалдайды
https://itolqyn.com/news/world-i56050-Əзірбайжан_республикасында_socar_компаниясы_есірткі_заттарын_заңсыз_жолмен_тасымалдайды
"Еркін сөз" арнасы: "Əзірбайжан республикасында "SOCAR" мұнай компаниясы есірткі заттарын контрабандалайды",-деді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаз 20, 2021 21:26 Asia/Almaty
  • Əзірбайжан республикасында

"Еркін сөз" арнасы: "Əзірбайжан республикасында "SOCAR" мұнай компаниясы есірткі заттарын контрабандалайды",-деді.

"Еркін сөз" арнасының хабарлауынша, "SOCAR" компаниясы өзінің мүмкіндіктері мен байланыстарын пайдаланып, Əзірбайжанға кокаин тасымалдаумен айналысады.

Осы мəлімет бойынша, "SOCAR" компаниясының құрамындағы  "SOCAR TRADING" компаниясының басшысы Анар Əлизаде Əзірбайжан Президенті Ильхам Əлиевке тиесілі ақшаны шет елге шығарып, ақшаны жылыстату амалдарын атқарады.

Ильхам Əлиев Əлизаденің көмегімен өз балалары үшін Батыстағы офшор аймақтарда 700 млн еуро тұратын жылжымайтын мүлік сатып алған.

Бұдан бұрын Түркия мафиясы басшыларының бірі Садат Пекар да "SOCAR" компаниясының героин контрабандасымен айналысатынын əшкерелеген болатын.