Қаз 20, 2021 23:33 Asia/Almaty
  • 35-ші

35-ші "Ислам бірлігі" конференциясы "Ислам бірлігі: Ислам әлемінде бейбітшілік орнату және бөліну мен қақтығыстардан аулақ болу» ұранымен сейсенбі күні Теһранда Бірлік апталығымен бір мезгілде Иран Президенті Ибраһим Раисидің алғысөзімен басталды.

Иран президенті өз сөзінің бір бөлігінде осы конференцияның ислам үмбетіне ағартушылық жұмыстарын жүргізіп, ислам əлемінің қастандықтармен күресіндегі рөлін өте əсерлі жəне стратегиялық тұрғыдан маңызды деп атады.

Раиси, сондай-ақ, ДАИШ-тың АҚШ пен аймақтағы сионизмнің мақсаттарымен астасып кеткенін айтып: "Бұл қастандықты қазір Ливан мен Ауғанстаннан көріп отырмыз. Кеше Ирак пен Сирияда көрдік. Сондықтан бұл қастандықтың тамырын түсіну маңызды. Ислам үлемдерінің ағартушылығы ислам жастарының қорғанысын арттырады",-деді.

Ислам елдері аймақта алауыздық, қайшылық, лаңкестік сияқты көптеген қоқан-лоққы мен қастандыққа ұшырап отыр. Бұлар - шындығында аймақ пен əлем елдерінің тағдырына əсер ететін ортақ қауіп. Терроризм мен экстремизм тек Ирак пен Сирияға қарсы қауіп емес, аймақ пен əлемінің бейбітшілігі мен қауіпсіздігі үшін шынайы қатер саналады. Ауғанстан дағдарысы мен ДАИШ лаңкестерінің белсендігі - осы сөзімізге айқын дәлелі. Осы тұрғыдан бірлікті бұзып, іріткі салатын экстремизм мен сепаратизм сияқты факторларды жою стратегиялық маңыздылыққа ие.

Ислам əлеміндегі бірлік ислам елдері арасында шындықтарды түсіндіру, қастандықтардың бетін ашу жəне бірлік тудыру саласында əріптестікті нығайту, дамыған идеяларды таратуды қажет етеді. Сол себепті ислам əлеміне қарсы жоспарлар мен қастандықтардан, əсіресе АҚШ-тың аймақтағы саясатынан хабардар болу аса маңызды.

АҚШ ешқашан ислам елдері үшін бейбітшілік пен қауіпсіздік орнатуды қалаған емес. Өйткені Израильдің заңсыз болмысын сақтау жəне АҚШ-тың аймаққа үстемдік ету мақсаттары ислам əлемінде алауыздық тудырып, оны əлсірету арқылы кепілдендірледі.

Дұшпандар ислам əлемін əлсіретіп, алауыздық тудырып, бөгде елдерге тәуелді етуді көздейді. АҚШ саясаткерлері сионистік режимнің қауіпсіздігін сақтау үшін Батыс Азия аймағында соғыс пен қақтығыс тудыру керегін мойындады.

Ислам - бірлік пен тілеулестікті қолдап, қатыгездік пен өрескел ойлардан жиіркенетін дін. Бірлікті сақтау - қиындықтарды жеңіп, қастандықтарды жоятын жалғыз жол.

Тегтер