Қаз 21, 2021 16:20 Asia/Almaty

Мехди Рахшанидің режиссерлігімен түсірілген "Көрінбейтін сызықтар" атты ирандық фильм Белградтағы мүмкіндігі шектеулі жандар фестивалінің жеңімпазы атанды.

Бұл фестивальда Сербияның көптеген фильмдерімен қоса, Иран, Босния мен Герцеговина, Германия, Франция, Ресей, АҚШ, Италия, Белгия жəне Ирландия фильмдері көрсетілді.

"Көрінбейтін сызықтар" фильмінде зеректігінің арқасында əлемдегі мүмкіндігі шектеулі жандар арасында ұлы суретшіге айналған өнерпаздың өмірі баяндалған.

Тегтер