Кабулда 8 бала аштан өлді
https://itolqyn.com/news/world-i56162
Ауғанстан астанасы Кабулда аштықтан 8 бала көз жұмды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 25, 2021 19:23 Asia/Almaty
  • Кабулда 8 бала аштан өлді

Ауғанстан астанасы Кабулда аштықтан 8 бала көз жұмды.

Кабул тұрғындары қаланың батысындағы 13-ші ауданның бір үйінде 8 баланың аштан өлгенін растады.

Кабул қаласының батыс бөлігінде тұратын діни үлемдердің бірі Мұхаммедəли Рахими Бамиани: "Бұл 8 бала бір жанұяға тиесілі. Олар ата-аналары қайтыс болғаннан кейін көз жұмды",-деді.

Қазіргі таңда Ауғанстанның 35 миллион халқының жартысы азық-түлікке зәру. 

Ауғанстан халқының исламдық бірлік партиясының басшысы МұхаммедМұхаққеқ өз жолдауында Талибанды осы оқиғаға жауапты деп атады.