АҚШ кинофестивалінде ирандық фильм көрсетіледі
https://itolqyn.com/news/world-i56368
Турадж Асланидың режиссерлігімен MAAD Movie кинокомпаниясы мен Ирактың Күрдістан аймағындағы Raz Halkawt Rashid компаниясының бірлесе түсірген «Жерсіз» (Landless) атты көркем фильм АҚШ-тың Cinequest халықаралық кинофестивалінің 32-ші кезеңінде «Әлем кинематографиясының перспективасы» атты бөлімде алғаш рет экрандалады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 01, 2021 23:36 Asia/Almaty
  • АҚШ кинофестивалінде ирандық фильм көрсетіледі

Турадж Асланидың режиссерлігімен MAAD Movie кинокомпаниясы мен Ирактың Күрдістан аймағындағы Raz Halkawt Rashid компаниясының бірлесе түсірген «Жерсіз» (Landless) атты көркем фильм АҚШ-тың Cinequest халықаралық кинофестивалінің 32-ші кезеңінде «Әлем кинематографиясының перспективасы» атты бөлімде алғаш рет экрандалады.

Бұл кинофестиваль Оскар академиясы растайтын ең беделді тәуелсіз фильмдер фестивалінің бірі саналады.

32-ші Cinequest халықаралық кинофестивалі «Инновация және мүмкіндік тудыру» деген ұранмен онлайн форматта 2021 жылы 4-14 қарашада АҚШ-тың Калифорния штатының Сен-Хосе қаласындағы Silicon Valley ауданында өтеді.