Иран ШЫҰ-ның сауда және энергетика орталығы бола алады
(last modified Tue, 02 Nov 2021 11:29:09 GMT )
Қар 02, 2021 17:29 Asia/Almaty
  • Иран ШЫҰ-ның сауда және энергетика орталығы бола алады

Ресейлік сарапшылардың пікірінше, Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) орасан зор газ және мұнай ресурстарына ие ел ретінде қатысуы Иранға ұйымға мүше елдер мен аймақты қуатпен қамтамасыз ететін орталыққа айналуына мүмкіндік береді.

Тәжікстан астанасы Душанбеде өтіп жатқан ШЫҰ саммитіне қатысушылар ондаған құжаттан тұратын пакетке қол қойды және бұл құжаттардың бірі Иранның осы ұйымға қабылдануы   үдерісінің басталуы туралы болды. Ресей энергетика және қауіпсіздік орталығының директоры Антон Хлопков: «Иран ШЫҰ аясында аймақтағы мұнай мен газ тұтынатын елдермен энергетикалық қарым-қатынастарын дамыта алады»,- деді. Батыс Азия бойынша ресейлік сарапшы Маис Курбановтың пікірінше, ШЫҰ-ға мүше болуы Иранға Батыстың заңсыз санкцияларына қарсы тұруына тиімді деп санайды.