Сергей Лавров: Ресей мен Қазақстанның Ауғанстандағы Талибан билігіне қатысты ұстанымы ортақ
(last modified Tue, 09 Nov 2021 13:16:02 GMT )
Қар 09, 2021 19:16 Asia/Almaty
  • Сергей Лавров: Ресей мен Қазақстанның Ауғанстандағы Талибан билігіне қатысты ұстанымы ортақ

Ресей Сыртқы істер министрі Ресей мен Қазақстанның Ауғанстандағы Талибан билігіне қатысты ұстанымының ортақ екенін мәлімдеді.

Sputnik ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сергей Лавров екі жақтың Ауғанстанда диалог арқылы тұрақты бейбітшілік пен тұрақтылыққа қол жеткізуге және ТМД елдерінің оңтүстік шекараларында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге күш салып жатқанын жариялады.  Лавров сөзінің жалғасында: «Ресей мен Қазақстан Ауғанстаннан келетін лаңкестік қауіптерді, сондай-ақ есірткінің заңсыз айналымын бақылауда»,- деді.

 

Тегтер