Стамбұлда «Түрік кеңесі» саммиті басталды
(last modified Sat, 13 Nov 2021 13:01:01 GMT )
Қар 13, 2021 19:01 Asia/Almaty
  • Стамбұлда «Түрік кеңесі» саммиті басталды

Стамбулдағы демократия және бостандық аралында Түркияның қонақжайлылығымен «Түрік кеңесінің» сегізінші саммиті басталды.

Түркияның TRT телеарнасының хабарлауынша, «Цифрлық дәуірдегі жасыл технологиялар және ақылды қалалар» деп аталатын жиынға Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев, Қазақстан Президенті Қасым Жомарт Тоқаев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев қатысты, Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Венгрия Премьер-министрі Виктор Урбан және Кеңестің Бас хатшы Бағдад Әмреев қатысты. Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоған келешекте Кипрде өмір сүретін түріктердің кеңесте болатынына үміт білдіріп: «Түрік кеңесіне мүше елдер құрлық, теңіз және әуе саудасы саласындағы ынтымақтастықты күшейтуі керек»,- деді.