Қар 15, 2021 15:24 Asia/Almaty

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы: «Иран Эр-Риядтың келіссөздерді бастауға шынайы ерік-жігер білдіргенін күтеді»,-деді.

Саид Хатибзаде дүйсенбі күні апталық баспасөз отырысында Iran Press тілшісінің сұрағына жауабында Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Фейсал бен Фархан әл Саудтың «Екі елдің келіссөздері әсерлі» деп атағанына тоқталып: «Жаңа оқиға орын алған жоқ. Сауд Арабиясының  келіссөздерді қайта бастауға ниет білдіруін күтіп отырмыз»,-деді.

Хатибзаде France 24 ақпарат агенттігінің «Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары Әли Бағери Канидің Еуропаға сапарында   тараптар келіссөздер туралы бір нәтижеге жетті ме?» деген сауалына жауабында: «Талқылаулардың қорытындысы шықты. 4+1 тобымен сұхбатта келіссөздерді жалғастыратын күн белгіленді»,-деді.

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы: «Біз үшін Венада жақсы келісімге келу тәсілі маңызды»,-деді.  

Тегтер