Иран мен Түркия ынтымақтастығының ұзақ мерзімді картасы әзірленеді
(last modified Mon, 15 Nov 2021 22:30:55 GMT )
Қар 16, 2021 04:30 Asia/Almaty

Иран Сыртқы істер министрі өзінің түрік әріптесімен екі ел ынтымақтастығының ұзақ мерзімді картасын әзірлеуге келіскенін хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан дүйсенбі күні Теһранда Мавлют Чавушоғлымен бірлескен баспасөз отырысында: «Екі елдің ұзақ мерзімді ынтымақтастығының картасы туралы дипломатиялық сұхбатттарды бастауға келістік. Түркия Президентінің Иранға сапары барысында бұл құжатқа екі ел басшысы қол қояды деп үміттенеміз»,-деді.  

Абдуллахиан Ауғанстандағы өзгерістер туралы: «Біз Ауғанстанда біртұтас үкімет құру мәселесін көтеріп отырмыз. ИИР көздеп отырған мақсаттардың бірі – Ауғанстандағы барлық тараптарды біртұтас үкімет құруға ынталандыру»,-деді.

Чавушоғлы Абдуллахианмен отырыста аймақта, әсіресе Ирак, Ауғанстан мен Йемендегі бейбітшілік және қауіпсіздік жайлы сұхбаттасқанын айтты. Ол Ауғанстанның жағдайына алаңдап, бұл ел дағдарысын шешу жолын біртұтас үкімет құру деп атады.