Иран-Сирия: 3:0
(last modified Wed, 17 Nov 2021 16:44:18 GMT )
Қар 17, 2021 22:44 Asia/Almaty

Иранның ұлттық футбол командасы кеше (сейсенбі) Иорданияның Король Абдулла II стадионында Катарда 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің соңғы кезеңінде Сириямен ойнап, 3:0 есебімен жеңіске жетті.

 Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сардар Азмун, Эхсан Хаджсафи  және Әли Қолизаде гол соғып, Иранның ұлттық футбол командасын 2022 жылы Катарда өтетін Әлем чемпионатына бір қадам жақындатты. Бұл ойындағы жеңісімен Иранның ұлттық футбол командасы 16 ұпай жинап, 5 жеңіс, 1 тең және жеңіліссіз жарыстардың А тобының көшбасшысы болуда. Ираннан кейін Оңтүстік Корея 14 ұпаймен екінші, БАӘ 6 ұпаймен үшінші орында.

 

Тегтер