Ресей мен АСЕАН бірлескен жаттығу өткізеді
(last modified Wed, 24 Nov 2021 13:00:36 GMT )
Қар 24, 2021 19:00 Asia/Almaty
  • Ресей мен АСЕАН бірлескен жаттығу өткізеді

Ресей мен АСЕАН-ға мүше елдер бірлескен жаттығу өткізеді.

 

Ресейдің АСЕАН-дағы тұрақты өкілі Александр Иванов 1-3 желтоқсан аралығында алғаш рет Ресей мен АСЕАН-ға мүше елдердің бірлескен оқу-жаттығуының өтетінін хабарлады. Солтүстік Суматра аймағындағы Индонезия суларында өтетін оқу-жаттығуға Ресейдің Тынық мұхиттағы теңіз флотының  «Адмирал Пантлеев» кемесі қатысады. Ресей Президенті Владимир Путиннің қатысуымен 28 қазанда өткен Ресей-АСЕАН саммитінде Ресей мен АСЕАН елдерінің бірлескен оқу-жаттығуын өткізу туралы шешім қабылданды.