Қар 25, 2021 18:23 Asia/Almaty
  • Абдуллахиан: МАГАТЭ-мен келісімге келуге болады

ИИР Сыртқы істер министрі: "МАГАТЭ-мен келісімге келуге болады",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан сәрсенбі күні Твиттердегі жеке парақшасында МАГАТЭ-нің бас директорымен кездесіп, сұхбаттасқанын айтып: "Теһранда Рафаэль Гроссимен ашық әрі нәтижелі сұхбат болды",-деді.

Иран Сыртқы істер министрі: "Әріптестікті жалғастыру туралы жақсы келісімге келдік. Бірақ мәтінді қорытындылау үшін бірнеше сөзді көбірек талқылау керек",-деді.

Амир Абдуллахиан: "Техникалық мәселелерді саясиландыру деструктивті сипатқа ие",-деді.

Иран Сыртқы істер министрі сәрсенбі күні Гроссимен кездесуінде Теһран үкіметінің қорғаныс кепілі туралы келісім аясында МАГАТЭ-мен сындарлы әріптестікті жалғастыруға әзір екенін айтып, осы ұйым бас директорының сапарынан кейін тараптардың өзара сенімі мен әріптестігі одан ары нығая түсетініне  үміт білдірді.

Тегтер