Нетаньяхудың Голан жоталары туралы уәждеріне қатысты реакциялар
https://itolqyn.com/news/world-i5701
Израильдің Голан жоталарын өз меншігі деп жариялауынан бірнеше күн өткен жағдайда әлем қатаң реакцияларын жалғастырып, Израиль премьер-министрінің басып алынған Голан жоталары туралы уәждерін айыптауда.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 20, 2016 15:55 Asia/Almaty
  • Нетаньяхудың Голан жоталары туралы уәждеріне қатысты реакциялар

Израильдің Голан жоталарын өз меншігі деп жариялауынан бірнеше күн өткен жағдайда әлем қатаң реакцияларын жалғастырып, Израиль премьер-министрінің басып алынған Голан жоталары туралы уәждерін айыптауда.

Осы уақытқа дейін БҰҰ, АҚШ, Германия мен Араб Лигасы Нетаньяхудың Голан жоталары туралы уәждеріне теріс реакция білдіріп, олардың уәждерін заңсыз деп атап, ресми қабылдамайтындықтарын жариялады.

Өткен күндері Израиль премьер-министрі Бениамин Нетаньху басып алынған Голан жоталарында өткен кабинетінің жанжалды отырысында: «Голлан жоталары біржолата осы режимнің бөлінбес бөлшегі болып қалады»,- деген уәж айтқан болатын.

Бұл уәжге реакция білдірген Араб Лигасының хатшысы Набил әл-Араби Нетаньяхудың әрекетін айыптап: «Мұндай сөздерді Араб Лигасы қабылдамайды және олар Қауіпсіздік кеңестің қарарларына қайшы»,- деді.

Германия Сыртқы істер министрілігінің ақпарат хатшысы Мартин Шейфр де: «Израильдің Голан жоталары туралы уәжі халқаралық заңдарға қайшы»,- деп мәлімдеді. АҚШ Мемлекеттік департаментінің ақпарат хатшысы Джон Кёрби Израиль премьер-министрі Бениамин Нетаньяхудың Голан жоталары туралы таяудағы уәждеріне қатысты АҚШ-тың ұстанымын баяндап: «Вашингтон Голан жоталарын Израильдің бір бөлігі ретінде ресми қабылдамайды»,- деді.

Нетаньхудың сөздері Сириядағы қауіпсіздік саласындағы жағдай мен азамат соғысы кезінде айтылды. Израиль режимі 1967-ші жылғы арабтар арасындағы алты күндік соғыста Сирияның Голан жоталарының бір бөлігін жаулап алған болатын. Голан жоталары Сирияның оңтүстік-батысындағы Кунейтре аймағында орналасқан. Голан жоталары геополитикалық және геостратегиялық маңыздылығына байланысты Палестинаны басып алудан бері сионистік режимнің назарында болды. Голан жоталары Ливан, Йордания, Сирия және Палестинаның арасында орналасқан. Бұл аймақ 1860 шаршы километр көлемге ие.

Голан жоталарының Джабал әш-шейх қырларынан ағатын өзендердің ауыз суы Израиль үшін маңызды. Голан жоталары басып алынған өткен 50 жылда Израиль ауыз суын осы өзендер арқылы қамтамасыз етті. Сионистік режим өзінің ядролық арсеналының бір бөлігін Голан жоталарында орналастырды. Сонымен бірге бұл аймақта сионистер өмір сүретін 30 қалашық салып, бұл жерді өз меншігі санады.

Сионистік режимнің Кнессеті 1982-ші жылы Голан жоталарын Израиль жерінің бір бөлігі деп жариялады.

БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің 242-ші және 338-ші қарарлары бойынша, Голан жоталары – Сирия мен басып алынған жерлердің бір бөлігі. БҰҰ-ның осы екі құжатына сай Израиль әскері ешбір шартсыз Голан жоталарынан шығуға міндетті.

Сол себепті Нетаньяхудың Голан жоталары туралы жанжалды уәждері халықаралық заңдар мен БҰҰ-ның Жарлығына қайшы болуымен бірге сионистік режимнің үстемшіл саясатын көрсетеді.