Иран мен Түркияның қарым-қатынасын дамыту үшін барлық əлеуеттерді пайдалану керек
Қар 28, 2021 21:29 Asia/Almaty
Иран мен Түркияның басшылары Теһран мен Анкараның қарым-қатынасын жан-жақты дамыту үшін барлық əлеуеттерді пайдалану қажеттігін қуаттады.
Раиси Ашхабадта өткен ЭЫҰ-ға мүше елдер басшыларының саммиты аясында Түркия Президенті Ердоғанмен кездесуінде екі елдің сауда-экономикалық қарым-қатынасының əлеуеттеріне тоқталып: "Екі ел қазіргі сауда-саттығын арттыру арқылы өзара саяси-экономикалық қатынасын стратегиялық деңгейге жақындата алады",-деді.
Түркия Президенті Иранмен екіжақты жəне аймақтық əріптестікті нығайтып, дамытуды қажетті іс санайтынын айтып: "Екі елдің қарым-қатынасында экономикалық салада серпіліс жасау керек",-деді.
Тегтер