Ресей мен Қытай зымырандық келісімшартты ұзартты
https://itolqyn.com/news/world-i57180-Ресей_мен_Қытай_зымырандық_келісімшартты_ұзартты
Ресей мен Қытай өзара зымырандық келісімшартты тағы он жылға ұзартты. Қытай СІМ-нің ақпарат хатшысының айтуынша, бұл келісімде баллистикалық зымыран мен тасымалдаушы ракеталарды атарда ескерту жасау да қамтылған.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Жел 04, 2021 02:11 Asia/Almaty
  • Ресей мен Қытай зымырандық келісімшартты ұзартты

Ресей мен Қытай өзара зымырандық келісімшартты тағы он жылға ұзартты. Қытай СІМ-нің ақпарат хатшысының айтуынша, бұл келісімде баллистикалық зымыран мен тасымалдаушы ракеталарды атарда ескерту жасау да қамтылған.

Оның айтуынша, Ресей мен Қытайдың зымырандық келісімі екі елдің стратегиялық серіктестігінің жоғары деңгейін көрсетіп қана қоймайды, жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға жəне қару-жарақтарды бақылауға бағытталған халықаралық жүйені қорғауға айтарлықтай үлес қосып отырғанын көрсетеді.

Саяси сарапшылардың пікірінше, Мəскеу мен Бейжіңнің əскери қарым-қатынасты, əсіресе зымырандық саладағы əріптестікті нығайтуға бел бууы олардың АҚШ əскерилері мен зымырандарының Шығыс Азияда орналасуынан туындаған қоқан-лоққылардың күшеюіне алаңдаушылығының артқанын көрсетеді.

Əскери-стратегиялық мəселелер жөніндегі сарапшы Стефан Гиди Ресей мен Қытайдың зымырандық əріптестігін бағалай келіп, былай деді: екі елдің зымыран саласында əріптесуі жəне ортақ əскери жаттығу, соның ішінде баллистикалық зымырандардан қорғануға ұқсас жаттығуларды өткізуі - бұл елдердің АҚШ-тың TAD дамыған əуе-қорғаныс кешенінің Оңтүстік Кореяда орналасқанына алаңдауының тікелей салдары.

Бейжің мен Мəскеу арасындағы дәстүрлі бəсекелестікті ескерсек жəне Қытайдың принципті саясаты бойынша ешбір əскери коалицияға қосылмайтынын назарға алсақ, Батыс орталар əскери одақ құру үшін екі тараптың ғана болуын аса маңызды санамайды, алайда Қытай мен Ресейдің Шанхай ынтымақтастық ұйымында болуы бір жағынан жəне Қытайдың АҚШ-пен, ал Ресейдің НАТО-мен қайшылықтарының болуы екінші жағынан бұл ұйымның миллитаристік бағытқа ойысу ықтималына мықты дәлелдер саналады. Сол себепті осыған қатысты Батысқа ескерту жасалды.

Батыс орталардың сенімінше, Қытай мен Ресейдің одан ары жақындасуының себебі - АҚШ-тың Қытайдың айналасындағы суларға əскер орналастыруы жəне НАТО күштерінің Ресейдің шекарасына дейін таралуынан туындаған қауіп-қатерлер.

Стратегиялық мəселелер жөніндегі сарапшы Дэвид Шельманның пікірінше, АҚШ  Ресей мен Қытайдың əскери əріптестігіне мына себептен алаңдайды: олар əскери тұрғыдан өз-өздерін қамтамасыз етіп, инновациялық қаруларға қарай қозғалуда, сондықтан олардың ортақ əскери жаттығулары күрделірек жағдайда жалғасып жатыр.