Раиси мен Ердоған экономика мен лаңкестікпен күрес салаларында әріптестік жасау қажеттігін қуаттады
Иран мен Түркияның басшылары телефон арқылы сұхбаттасып, экономика мен лаңкестікпен күрес салаларында байсалды түрде әріптестік жасау қажеттігін қуаттады.
Иран Президентінің кеңсесі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ибраһим Раиси Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сұхбатында екі елдің лаңкестікпен күрес саласында әріптесу қажеттігін айтып: "Лаңкестікпен күрестің басты жолы – елдердің егемендігіне құрметпен қарау. Иран лаңкестікпен күресте жарқын тәжірибеге ие болғандықтан басқа елдермен осы салада әріптесуді қолдайды",-деді.
Ердоған да осы телефон арқылы сұхбатта екі елдің экономика мен қауіпсіздік салаларындағы әріптестігін маңызды деп атап: "Аймақ елдері арасында ынтымақтасу идеясы айтылып жатыр. Соңғы сапарлар мен кеңестер бұл идеяның сәтті болатынын көрсетуде",-деді.