Иран мен Германияның банк және экономика саласындағы ынтымақтастықтары артады
(last modified Wed, 20 Apr 2016 15:18:38 GMT )
Сәу 20, 2016 21:18 Asia/Almaty
  • 
Иран мен Германияның банк және экономика саласындағы ынтымақтастықтары артады

Иранның орталық банк төрағасының орынбасары Иран мен Германияның банк саласындағы және экономикалық ынтымақтастықтарының кеңейетінін хабарлады.

Иранның орталық банк төрағасының орынбасары Акбар Камиджани Теһранда Германияның Бавария штатының экономика және өнеркәсіп палатасынан келген делегацияны қабылдауында Иран ислам республикасының «алтылық» елдерімен келісіміндегі өз міндеттемелеріне берік екендігін қуаттады.

Камиджани Иран мен Германияның өзара ынтымақтастығын қолдап: «Санкциялар Иранмен банк істерінде еуропалық серіктестердің зиян шегуіне себеп болды. Банк істерінде байланыс орнату екі ел арасында сауда және экономикалық байланыс орнатуды қажет етеді» деді.

Иранның орталық банк төрағасының орынбасары «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы күшіне енгізілгеннен кейінгі орталық банктің табыстарына, соның ішінде Италияның «Sachh», Австрияның «Окабе» және Францияның «Kufaas» сақтандыру компанияларымен келіссөз жүргізу және санкциялар салдарынан қалыптасқан міндеттемелер бойынша есеп айырысуына тоқталып, Германияның «Hermes» сақтандыру компаниясымен келіссөз жүргізіліп жатқанын, жақында нәтижеге жететінін хабарлады.

Тегтер