Түркия халқы экономикалық қиыншылықтарға наразылық білдіріп, шеруге шықты
Стамбұл қаласының мыңдаған тұрғыны кеше инфляцияның өсіп, сатып алу қабілетінің төмендегеніне наразылық білдіріп, шеруге шықты.
France ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жұмысшы кәсіподақтардың шақыруымен көшеге шыққан шерушілер ұрандатып, үкіметтен елдегі бүлінген экономикалық жағдайды түзеу үшін әсерлі шара қолдануды сұрады.
Инфляцияға қатысты тәуелсіз зерттеу тобының (ENAG) мәліметіне сәйкес, Түркияда жылына шынайы инфляция бағамы 58 пайыздан асады, бірақ Түркияның статистикалық орталығы қараша айында инфляция бағамын 21,31 пайыз болды деп жариялады.
Түркияның ұлттық валютасы – лира құнының түсуі инфляцияға және халықтың кедейлене түсуіне әкеліп соқтырды. Соның салдарынан Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның танымалдығы бұрын-соңды болмаған деңгейде түсіп кетті.