Әзірбайжан мен Армения басшылары кездеседі
https://itolqyn.com/news/world-i57444
Армения Премьер-министрі мен Әзірбайжан Президенті жақын арада Бельгияның Брюссель қаласында кездеседі.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 14, 2021 17:47 Asia/Almaty
  • Әзірбайжан мен Армения басшылары кездеседі

Армения Премьер-министрі мен Әзірбайжан Президенті жақын арада Бельгияның Брюссель қаласында кездеседі.

Әзірбайжан мен Армения 2020 жылдың 27 қыркүйегінен Таулы Қарабақ аймағында бетпе-бет келді. 44 күнге созылған соғыс 2020 жылдың 10 қарашасында Ресейдің араша түсуімен аяқталды.  Алайда соңғы апталарда Баку мен Ереван арасындағы шекаралық қақтығыстар күшейіп, бір-бірін өз аумағына басып кірді деп айыптады. Қазіргі уақытта Мәскеудің арағайындығымен екі тарап арасында атысты тоқтату келісімі жасалды.