Орталық Азияның төрт елінде 418 миллион тонна ядролық қалдықтар сақталуда
(last modified Wed, 15 Dec 2021 12:35:28 GMT )
Жел 15, 2021 18:35 Asia/Almaty
  • Орталық Азияның төрт елінде 418 миллион тонна ядролық қалдықтар сақталуда

Орталық Азияның төрт елінде (Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан) 418 миллион тонна ядролық қалдықтар сақталған.

Fars News ақпарат агенттігінің Ташкенттен хабарлауынша, Өзбекстанның Өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті мен  Радиациялық және ядролық қауіпсіздік бөлімінің мәліметі бойынша,  қазіргі уақытта бұл елде 4 миллион тонна ядролық қалдық сақтауда. Бұл мөлшер Орталық Азияның басқа елдерімен салыстырғанда айтарлықтай аз.

Осы кезде Қазақстанда 240 миллион тонна, Қырғызстанда 132 миллион тонна, Тәжікстанда 42 миллион тонна ядролық қалдық сақталуда.