Амир Абдуллахиан Қытай Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сұхбаттасты
Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан мен Қытай Сыртқы істер министрі Ван И бейсенбі күні телефон арқылы сұхбаттасып, екіжақты қарым-қатынас, Венадағы ядролық келіссөздердің үдерісі және халықаралық өзгерістер туралы пікір алмасты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрі Бейжіңге Вена ядролық келіссөздерінде Иранды қолдағаны үшін алғыс айтып, келіссөздер үдерісін жалпы жақсы деп сипаттап, сонымен бір мезгілде Венада Батыс тараптарының ешқандай бастама көтермей отырғанын сынады.
Осы сұхбатта Амир Абдуллахиан АҚШ үкіметі мен Батыстың кейбір елдерінің Бейжіңнің қысқы олимпиадасына дипломатиялық санкция салуын айыптап, осы спорт шарасының сәтті өтетініне сенімділік білдіріп, ИИР-ның спорт саласы басшыларының спортшылар керуенімен бірге осы маңызды оқиғаға қатысатынын хабарлады.
Қытай Сыртқы істер министрі ИИР ұстанымдарына қолдау білдіріп, халықаралық алпауыттар, соның ішінде АҚШ-тың біржақтылығы мен экспансиясына қарсы даму үстіндегі басқа елдермен бірлесіп, әріптесу қажеттігін баса айтты.