БҰҰ Бас ассамблеясында Иранға қарсы айыптаулар қайталанды
БҰҰ Бас ассамблеясы жұма күні таңертең «Ирандағы адам құқығының жағдайы» деп аталған қарар бекітіп, осы елге қарсы айыптауларын қайталады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл қарар 78 оң, 31 теріс және 69 қалыс дауыспен қабылданды.
БҰҰ Бас ассамблеясының қарарлары Қауіпсіздік кеңесінің қарарларына керісінше орындалуы міндетті дүние емес, олар тек консультациялық сипатқа ие.
Өткен жылдары Иранға қарсы экономикалық лаңкестікке бет бұрған АҚШ үкіметі аталмыш қарарға оң дауыс берген елдердің қатарында. Ұлыбритания, Франция, Германия, Канада, сионистік режим, Сауд Арабиясы мен Бахрейн де осы қарарға қолдау көрсетті.
ИИР бұған дейін қабылданған осыған ұқсас екі қарарға реакциясында адам құқығын сақтауды діни және құқықтық міндет және ұлттық мүдделер мен қауіпсіздікті сақтау жолындағы тақырып деп атап, оны сақтауға ұдайы талпыныс жасап келе жатқанын баса айтты.