Камалванди: Иран мен МАГАТЭ-нің ағымдағы тақырыптары қалыпты жағдайда талқыланып жатыр
Иран Атом қуаты ұйымының баспасөз өкілі Иран мен МАГАТЭ-нің ағымдағы тақырыптары қалыпты жағдайда талқыланып жатқанын айтып: "Теһранның батысындағы Караджда орналасқан Тесай кешенінде істен шыққан камераларға техникалық-қауіпсіздік тексеріс жүрізе бастады",-деді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Бехруз Камалванди: "Иранның шарты бойынша Караджағы Тесай кешенінде істен шыққан камералар тек мына үш жайт орындалғанда ауыстырылады: бүлдіргі әрекеттер тигізген зиянның көлемі жайында сот және қауіпсіздік тексеріс жүргізу, МАГАТЭ тарапынан осындай бүлдіргі әрекеттердің айыпталуы, орнатылғанға дейін жаңа камералардың Иран тарапынан тексерілуі",-деді.
Камалванди: "Батыс және сионистік ақпарат құралдары медиа кеңістікте психологиялық қысым жасап, Иран мен МАГАТЭ-нің әріптестігін саясиландыруға талпынып жатыр. Өкінішке қарай, агенттіктің өзінде де осындай ұмтылыс бар",-деді.