ХАМАС әлем халқын Палестина халқы мен тұтқындарға қолдау көрсетуге шақырды
Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы (ХАМАС) халықаралық адамзат ынтымақтастығы күніне орай Палестина халқы мен тұтқындармен ынтымақтастықты нығайтуға шақырды.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, ХАМАС сейсенбі күні мәлімдеме жасап, басқыншылық, әділетсіздік, зорлау және нәсілдік кемсітушіліктің барлық түрлерімен бетпе-бет келген барлық халықтармен адам ынтымақтасуының маңыздылығын атап өтті. Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы осы мәлімдемеде Палестина халқымен ынтымақтың күшеюіне баса назар аударып, Құдсты басып алушы режимнің палестиналықтарға қарсы дұшпандық әрекеттеріне қарсы тұру үшін талпыныс жасауға шақырды. ХАМАС мәлімдемесінде сонымен қатар Газа секторындағы қысымшылық қоршауды жою қажеттігі қуаттады.