Колорадодағы орман өрті жайылып, 35000-нан астам адамды үйлерін тастап кетуге мәжбүрледі
https://itolqyn.com/news/world-i57916-Колорадодағы_орман_өрті_жайылып_35000_нан_астам_адамды_үйлерін_тастап_кетуге_мәжбүрледі
Колорадо басшыларының мәліметінше, Боулдер-Ситидегі жаппай өрт салдарынан кем дегенде 500 үй қирап, 35 мыңнан астам адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 01, 2022 18:25 Asia/Almaty

Колорадо басшыларының мәліметінше, Боулдер-Ситидегі жаппай өрт салдарынан кем дегенде 500 үй қирап, 35 мыңнан астам адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.

Өрт кезінде құрбан болғандар туралы мәлімет жоқ, бірақ Колорадо губернаторы: «Өрт кезінде адамдардың зардап шекпеу үшін бізге жаңа жылдық ғажайып керек. Өрт көзді ашып-жұмғанша жайылып, адамдардың өмірін сақтап қалуға санаулы минуттар ғана болды»,- деді. Мәліметтерге сәйкес, өртте жүздеген адам үйлерінен, мүмкін барлық мүліктерінен айырылды. Бейсенбі күні басталған өрт тез арада 1600 гектарға жайылған.