Қытай-Қазақстан ынтымақтастығы дамуда
(last modified Sat, 01 Jan 2022 14:46:10 GMT )
Қаң 01, 2022 20:46 Asia/Almaty
  • Қытай-Қазақстан ынтымақтастығы  дамуда

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Қытай үкіметінің Еуразия елдері істері жөніндегі арнайы өкілі Ли Хуэймен екіжақты ынтымақтастықты кеңейту жолдарын талқылады.

Қытай үкіметінің Еуразия елдері істері жөніндегі арнайы өкілін тағайындауы Бейжің үкіметінің аймақ елдерімен, соның ішінде Қазақстанмен барлық салалардағы ынтымақтастықты дамытуға және арттырғысы келетінін көрсетеді. Бейжің басшыларының айтуынша, Қытай-Қазақстан қарым-қатынасы орнағаннан кейін отыз жыл өткен кезде екі жақ қарым-қатынасты стратегиялық деңгейге көтере алды. Соңғы жылдары аймақтық және жаһандық гегемония тұрғысынан еуразиялық сала әлемдік және аймақтық державалардың экономикалық нарықтар, сондай-ақ энергетика және қару-жарақ өнеркәсібі үшін бәсекелестік орнына айналды. Осы себепті бұл саладағы елдер аймақтық және халықаралық экономикалық және энергетикалық саясаттары мен стратегияларында ерекше орын тапты, сондықтан Оңтүстік Корея мен Үндістан сияқты дамушы экономикалық елдер де аймақтағы ықпалын кеңейту үшін ауқымды күш-жігер жұмсауда.  Халықаралық істер жөніндегі сарапшы Бжезинский: «Еуразиялық аймақ - шахмат тақтасы, оның бетінде болашақ әлемде үстемдік үшін әрекет жасалады»,- деген. Қытай мен Қазақстанның Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) мүшелері екенін ескере отырып, Бейжің басқа аймақтық және халықаралық державалармен бәсекелесе отырып, Қазақстандағы ықпалын кеңейтуге қолайлы жағдайда деп санайды. Бұған Қазақстан мәселелері жөніндегі сарапшы Ахмад Қасемзаде: «Қытайдың Қазақстан сияқты Еуразиядағы энергияға бай елдермен ынтымақтастықты дамытудағы басты мақсаттарының бірі – Таяу Шығыстың энергетикасына тәуелділігін азайтып, энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге талпыну. Қалай болғанда да, Қытай Еуразия елдерімен ШЫҰ, сондай-ақ Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім конференциясы аясында ынтымақтастығын артып келеді. Қытай Мәскеуде алаңдаушылық тудырмас үшін аймақ елдері арасындағы экономикалық және энергетикалық ынтымақтастығын жалғастыруды жөн көреді. Экономикалық құлдырау мен әлемдік экономикалық нарықтардағы бәсекелестіктің күшеюіне, сондай-ақ  орасан зор экономикалық және транзиттік жоспарларын, мысалы, Еуразия елдері белсенді рөл атқаратын «бір жол - бір белдік» сынды жобаны ұсыну арқылы Еуразия аймағындағы елдермен  белсенді және шешуші рөл атқаратын ынтымақтастық орнату Қытай үшін маңызды. Болашақта бұл салаға қатысты аймақтық және халықаралық державалар арасындағы бәсекелестік  күшейуі мүмкін.

 

 

 

Тегтер