Қаң 06, 2022 15:53 Asia/Almaty
  • Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Қазақстанға бітімгершілік күштерін жіберу шешім қабылдады

Армения Премьер-министрі Қазақстанға Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) бітімгершілік күштерінің жіберілетінін хабарлады.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян бейсенбі күні наразылық акцияларынан кейін Қазақстандағы жағдайды тұрақтандыруға көмектесу үшін ҮҚШҰ-ның бітімгершілік күштері жіберілетінін хабарлады. Пашинан «Бітімгершілік күштерін қысқа мерзімге енгізу туралы шешім Қасым-Жомарт Тоқаевтың өтініші бойынша және Қазақстан   ұлттық қауіпсіздігі мен егемендігіне, оның ішінде шетелдік араласуынан қауіп төніп тұрғанын ескере отырып  қабылданды»,- деді.

2022 жылы Армения ҰҚШҰ-на төрағалық етеді. Қазақстандағы жуырда орын алған тәртіпсіздіктерден кейін Қасым-Жомарт Тоқаев  бұл ұйымнан көмек сұрады.

«Интерфакс» агенттігі  Ресей парламентінің  ТМД  қарым-қатынастар жөніндегі комитетінің төрағасы Леонид Калашниковтың сөздеріне сілтеме жасап, бітімгершілік күштердің  жағдай тұрақтанғанға дейін  Қазақстанда қала беретінін хабарлады.

 

Тегтер