Иранның тарихи ескерткіштері Берлиннің Пергамон мұражайына қойылды
(last modified Fri, 07 Jan 2022 10:11:39 GMT )
Қаң 07, 2022 16:11 Asia/Almaty

Берлиннің Пергамон мұражайында Иранның өте сирек тарихи ескерткіштерінің көрмесі өтіп жатыр.

Пергамон мұражайы – әлемнің айтулы мұражайларының бірі. Ол Германияның астанасы Берлин қаласында орналасқан. Жыл сайын мыңдаған адам мұражайды көріп қайтады.

Пергамон мұражайы Иранның 7 мың жылдық тарихы бар 360 көне заттарын жинап, жұрт назарына ұсынды.