Ресейдің Қазақстандағы оқиғаларға реакциясы: сырттан ұйымдастырылған наразылықтар
(last modified Fri, 07 Jan 2022 13:52:02 GMT )
Қаң 07, 2022 19:52 Asia/Almaty
  • Ресейдің Қазақстандағы оқиғаларға реакциясы: сырттан ұйымдастырылған наразылықтар

Ресей СІМ-нің баспасөз хатшысы Мария Захарова бейсенбі күнгі мәлімдемесінде Қазақстанда орын алған соңғы оқиғалар мен наразылықтарды елдің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін бұзуға бағытталған сырттан ұйымдастырылған талпыныс деп атап, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгер күштерінің Қазақстанға жіберілетінін хабарлады.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Қазақстаннан тыс жерден басқарылып, бөгделерден тәлім алған адамдардың бүлік шығарғаны туралы ақпарат жеткенін мәлімдеді.

Ресей Батыс елдерінің ТМД аумағында «түрлі түсті революция» қалыбында тынышсыздық жасауға талпынып жатқанын талай рет ескертті. Ресейдің саяси және әскери басшыларының сенімінше, демократия мен түрлі түсті революцияларды таратуға талпыну – әлемнің түрлі аймақтарындағы тұрақсыздықтың басты себептерінің бірі. Мәскеу ТМД аумағында саяси-әлеуметтік наразылықтарға итермелеп, төңкеріс арқылы билікті құлатудан алаңдайды. Батыс елдері, әсіресе АҚШ-тың бұрын Кеңес одағының құрамында болған елдерде түрлі түсті революциялар ұйымдастыруы әрдайым Ресейдің наразылығы мен сынын тудырып келеді. Бірақ Қазақстанда наразылықтар қатыгез сипат алып, шын мәнінде қарулы бүлікке айналды.

Қазір Ресей Қазақстан Президентінің осы елдегі тынышсыздықтарды бақылауға алу үшін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының біріккен бітімгер күштерін жіберу туралы өтінішіне оң жауап берді.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы Станислав Зась Қазақстан үкіметінің өтінішімен осы елге ұйымның бітімгер күштерін жіберетінін айтып: «Бұл күштерде қару қолдануға рұқсат бар»,-деді. Зась бітімгерлерге жүктелген міндет туралы: «Біріншіден Қазақстанның маңызды мемлекеттік және стратегиялық нысандарын қорғау, екіншіден халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қоғамдық тәртіпті сақтауға көмектесу міндеті жүктелді»,-деді.

Тегтер