Қаң 09, 2022 16:36 Asia/Almaty

Ирандық саяхатшы әйел Пупе Махдави Надер әлемдегі бейбітшілік елшісі ретінде «Махаббат, достық пен бейбітшілік» атты ұранмен 2020 жылғы бейбітшілік жолын жаяу жүріп өтуді Иран мен Түркиядан бастап, бүгін Оман астанасы Маскатта жалғастырды.

Оманда теңіз жағасындағы дәстүрлі базардан сұлтан сарайына дейін жалғасқан жаяу жүріске халықаралық белсенділер, Оманда тұратын ирандықтар және жергілікті тұрғындар қатысты.

Пупе Махдави Надер Бейбітшілік жолының үміт, махаббат және достық рухын таратуды көздейтінін айтып: «Әлемнің түрлі жерінде халықтың қолдауымен жаяу жүру арқылы жер-жаһанға мейірім, қуаныш, махаббат, қауіпсіздік пен бейбітшілікті таратамын»,-деді.

Әрине бұл Пупе Махдави Надердің жаһанда бейбітшілікті таратуға бағытталған бірінші шарасы емес, ол осы жолда қадам басқанына жиырма жыл болды.

Тегтер