Ұлыбританияда Назарбаевтың қызының шашқан ақшасы әшкереленді
(last modified Mon, 10 Jan 2022 18:18:46 GMT )
Қаң 11, 2022 00:18 Asia/Almaty
  • Ұлыбританияда Назарбаевтың қызының шашқан ақшасы әшкереленді

Қазақстанның бұрынғы президентінің қызы осы елден 220 млн фунт стерлинг алып шыққаннан кейін 18 млн фунт стерлингке жеке ұшақ, Лондон қаласында 8,75 млн фунт стерлингке бір ғимарат сатып алды.

ISNA ақпарат агенттігінің Daily Mail газетінің сайтына сілтеме жасап хабарлауынша, Әлия Назарбаева Ұлыбританияның азаматтығын алу үшін Лондонның High Gate ауданынан үй сатып алды. Ол, сондай-ақ, Bombardier компаниясының  Challenger атты жеке ұшағын сатып алған.

41 жастағы Әлия Назарбаева өзінің екі қаржы кеңесшісінен өз активтерін Лихтенштейннен Ұлыбританияның Вирджиния аралдарындағы қаржы қорлары мен офшорлық компанияларға ауыстыруды сұрағаннан кейін осы заттарды сатып алды.

Әлия Назарбаева, сондай-ақ, 2006 жылы 14 млн долларға Дубайдан бір мүлік сатып алған. Бірақ жуырда оның әлгі екі қаржы кеңесшісімен қарым-қатынасы бұзылғаны мәлім болды. Назарбаева оларға шыншыл болмай, қаражатты теріс пайдаланып, алаяқтық жасап, аманатқа қиянат жасап, әділетсіз қаржы иеленді деп айып тақты.