Путин: Қазақстан халықаралық лаңкестіктің нысанасына айналды
https://itolqyn.com/news/world-i58160
Ресей Президенті Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының отырысында: «Кейбір ішкі және сыртқы топтар Қазақстанның жағдайын теріс пайдалануға талпыныс жасады»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 11, 2022 06:24 Asia/Almaty
  • Путин: Қазақстан халықаралық лаңкестіктің нысанасына айналды

Ресей Президенті Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының отырысында: «Кейбір ішкі және сыртқы топтар Қазақстанның жағдайын теріс пайдалануға талпыныс жасады»,-деді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресей Президенті Владимир Путин: «Аймақта түрлі түсті революциялардың болуына жол бермейміз»,-деді.   

Путин Қазақстандағы қарулы адамдардың шетелдегі лаңкестік базаларда дайындалғанына тоқталып: «Қазақстан халықаралық лаңкестіктің нысанасына айналды. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгер күштері Қазақстанда қажетті уақытқа дейін болады»,-деді.

Владимир Путин Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдер басшыларының жаңа жылдағы алғашқы жұмыс күнінде: «Мәскеу ешқашан осы ұйымға мүше елдерде жағдайдың бүлінуіне және түрлі түсті революциялар сценарийінің  орындалуына жол бермейді»,-деді.

Ресей Президенті аймақтағы жағдай және алдағы түйткілдерге тоқталып, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымын нығайту қажеттігін айтты.

Путин Қазақстан Президентінің ержүректігін мақтап: «Бұл ұйымның әсерлі әрі тиімді болуы – жылдар бойы ортақ әскери жаттығулар өткізудің нәтижесі»,-деді.