Саясаттанушы: Ресей британдықтардың Қазақстандағы қастықтарын залалсыздандырды
(last modified Wed, 12 Jan 2022 12:32:08 GMT )
Қаң 12, 2022 18:32 Asia/Almaty
  • Саясаттанушы: Ресей британдықтардың Қазақстандағы қастықтарын залалсыздандырды

Әзірбайжандық саясаттанушының мәліметінше, Ресей британдықтардың Қазақстандағы қастықтары мен жоспарларын залалсыздандырды.

Шейх Орхан Мұхаммадов шетелге хабар тарататын Табриз радиосының «Ашық сөз» бағдарламасына берген сұхбатында: ««Қазақстанның ыстық жазы 2022» жоспарын басып озып, Ресей Ұлыбритания мен Түркияның Қазақстандағы барлық билік пен байлық көздерін және халықаралық байланыс арналарын өз бақылауына алу жоспарын залалсыздандырды»,- деді. Әзірбайжандық сарапшы: «Қытайды Ресеймен, Еуропамен және Батыспен байланыстыратын жаңа Жібек жолын өз қолына алу үшін Ұлыбритания 2022 жылдың жазында Қазақстандағы жағдайды толқытуды және британдық компаниялардың Қазақстанның уран ресурстарына, сондай-ақ бұл елдің батыс және мұнайлы аймақтарына үстемдігін күшейтуді көздеуде  деген ақпарат ресейліктерге жеткен болатын»,- деп мәлімдеді.

 

Тегтер