Ұлыбритания адам құқығы мәселесі жөнінде қара тарихқа ие
(last modified Fri, 22 Apr 2016 15:25:46 GMT )
Сәу 22, 2016 21:25 Asia/Almaty
  • Ұлыбритания адам құқығы  мәселесі жөнінде қара тарихқа ие

Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігі өзі адам құқығы мәселесі жөнінде қара тарихқа ие бола отырып, бір есепте Ирандағы адам құқығының жағдайын алаңдатарлық деп сипаттады.

Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігі өзі адам құқығы мәселесі жөнінде қара тарихқа ие бола отырып, бір есепте Ирандағы адам құқығының жағдайын алаңдатарлық деп сипаттады.

Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігі өзінің 2015 жылдағы демократия мен адам құқығы туралы 68 беттік есебінің Иранға қатысты бөлігінде: «Иран Президенті 2013 жылы ирандық азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жақсартамын деп уәде бергеніне қарамастан, Ирандағы адам құқығының жағдайы мен тарихы алаңдатарлық. Иран Президенті әйелдер мен аз ұлттарға қатысты кемсітушілікті жою және сөз бостандығына қатысты ашығырақ кеңістікті қалыптастыру жөнінде уәде берді, алайда оң өзгерістер жайлы айғақтар аз»,-деген уәж айтты. 

Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігі, сондай-ақ, БҰҰ Адам құқығы кеңесінің Иран істері жөніндегі баяндамашысы Ахмад Шахидтің есептеріне сілтеме жасап: «Өлім жазасының орындалу жағдайлары бұрынғыдай көп. 2015 жылы Иранда 966-1025 адамға қатысты өлім жазасы орындалды»,-деді. 

Адам құқығын қорғаушымыз деп уәж айтатын Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігі өзі күн сайын адам құқығының бұзылуымен бетпе-бет келіп отырған жағдайда Ирандағы әйелдер, аз ұлттар, сөз бостандығының жағдайы мен өлім жазасының орындалуына алаңдаушылық білдіріп отыр. 

Ұлыбританияда аз ұлттар, мұсылмандар мен босқындардың құқықтарының ұдайы бұзылуы бұл елді басқа елдердегі адам құқығының жағдайын бағалау біліктілігінен айырады. 

Скотленд-Ярд полицейлерінің наразылармен қатігез қатынасы Ұлыбританияда қарапайым азаматтармен адамшылыққа жатпайтын қатынастың ең көрнекті үлгісін көрсетті. Ұлыбритания халқының жеке өмірінен тыңшылық жасау және азаматтық бостандықты шектеу Лондон үкіметінің Ұлыбритания азаматтарын бақылауда ұстау құралдарының бірі болып табылады. Бұл елдегі демократиялық рухпен үйлеспейді. Мұнымен қоса, терроризммен күрес сылтауымен еуропалық елдердегі мұсылман қоғамы бұрыннан да көбірек қысымға алынып, күн сайын мұсылмандардың қызмет ету аясы тарыла түсуде. 

Ал бұл жағдайда Ирандағы аз ұлттар ешбір шектеусіз өздерінің әдет-ғұрыптарын ұстануда, тіпті Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінде өз өкілдері бар, олардың құқықтары өздері таңдаған өкілдері тарапынан қорғалады. Ирандағы әйелдердің жағдайы жыл сайын жақсарып келеді. Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейін, әсіресе соңғы жылдары әйелдердің саяси, әлеуметтік және ғылыми салалардағы рөлі арта түсті. 

2016 жылдың ақпан айындағы сайлаудан кейін өткен жылдармен салыстырғанда Иран Ислам Кеңесі Мәжілісіндегі әйелдер санының артуы, университеттердегі студенттердің 60 пайыздан астамының әйел адамдар болуы, Президенттің орынбасарлары дәрежесіндегі атқарушы қызметтердің әйел адамдарға тапсырылуы Иран қоғамында әйелдердің жағдайының жақсы екенін көрсетеді. 

Сонымен қатар, есірткі контрабандасымен айналысатындармен кесімді түрде қатынас көрсетуде Иранның Конституциясында оларға өлім жазасы қарастырылған. Бұл үкім соттың әртүрлі кезеңдерінде жүзеге асырылады. Иранның сот органының бұл шарасы – халықтың талабы. Исламның принциптері – Ирандағы адам құқығына қатысты шаралардың басты бағдары. Батыстық құндылықтар тұрғысынан қарайтын елдің Ирандағы адам құқығының жағдайы жайлы көзқарас білдіруге құқығы жоқ.