Ресей Ауғанстанның талибандарымен әріптестігін теріске шығарды
https://itolqyn.com/news/world-i5836
Ресей өзінің Ауғанстандағы Талибан және басқа да лаңкестік топтармен әріптестігін теріске шығарды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 23, 2016 15:14 Asia/Almaty
  • Ресей Ауғанстанның талибандарымен әріптестігін теріске шығарды

Ресей өзінің Ауғанстандағы Талибан және басқа да лаңкестік топтармен әріптестігін теріске шығарды.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, сенбі күні Ресейдің Кабулдағы елшілігі өз мәлімдемесінде Мәскеудің Ауғанстандағы лаңкестік топтармен ешқандай әріптестік жасамайтынын мәлімдеп, мұндай хабардың БАҚ-та таралуын негізсіз деп атады.

Аталмыш мәлімдемеге сәйкес, Ресейдің Ауғанстандағы арнайы өкілі Замир Кабуловтың Мәскеу мен Талибан тобы арасындағы қарым-қатынасқа байланысты мәлімдемелері бұрмаланған.

Өткен сейсенбі күні Кабулдағы лаңкестік шабуылдан кейін кейбір ақпарат құралдары Ресейдің Ауғанстандағы арнайы өкілінің сөзіне сілтеме жасап, Ресей Талибан тобымен тыңшылық саласында әріптестік жасады деген хабар таратқан болатын.