Раиси: Шет елдердегі ирандықтар - Иранның елшілері
(last modified Thu, 20 Jan 2022 16:25:08 GMT )
Қаң 20, 2022 22:25 Asia/Almaty

Иран Президенті: "Шет елдердегі ирандықтар - Иранның елшілері",-деді.

Иран Президентінің кеңсесі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ибраһим Раиси Мəскеуге сапарының жалғасында Ресейде тұратын ирандықтармен кездесуінде: "Екі елде өзара əріптестікті арттыру жəне дамыту жолында кедергілер мен қиыншылықтарды жоюға ерік-жігер бар",-деді.

Раиси Ресейдің нарықтарында ирандық тауарлар үшін қолайлы жағдай жасауға болатынына тоқталып: "Ресей Президенті ел базарында Иран тауарларының үлесін арттыруға болады деп баса айтты",-деді.

Иран Президенті өткен айларда кейбір елдермен қарым-қатынас деңгейінің артқанына тоқталып: "Статистикалық мəліметтер көрсеткендей, Иранның кәсіпкерлері жəне саудагерлерінің арқасында экспорт көлемі артты",-деді.

Раиси Иран саясатының бүкіл əлеммен үйлескен саясат екенін айтып: "Иран мен Ресей өз əлеуеттерін іске қосуға ниетті",-деді.