Байден: Вена келіссөздерінде ілгерілеушілік байқалады
АҚШ Президенті Джо Байден: «Иран мен 4+1 тобы арасындағы Вена келіссөздерінде ілгерілеушілік байқалады»,-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ Президенті Джо Байден сәрсенбі күні өз президенттік кезеңіне бір жыл толуына орай 2022 жылдағы алғашқы баспасөз отырысында осы тақырыпқа тоқталды.
Байден баспасөз отырысында «Иранның ядролық келіссөздері туралы ойыңыз қандай? Келіссөздерде ілгерілеу бар ма, әлде одан бас тартатын уақыт жетті ме?» деген сұрақтарға жауабында: «Қазір келіссөзден бас тартатын кез емес. Жетістіктерге қол жеткізіліп жатыр»,-деді.
АҚШ Президенті: «4+1 тобы бірауыздан сөйлейді. Бірақ келіссөз қалай өрбитінін байқау керек»,-деді.
Байденге дейін АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен: «Иранның талаптарының бірі – АҚШ-тың келісімнен қайта шықпайтынына кепілдік беру»,-деді.